Қарақұс (лат. Aquila heliaca) — бүркіт тұқымдасына жататын сұңқар тәрізді құс. Қанатының ұзындығы 620 мм, салмағы 2-2,3 кг. Ересегінің түсі қара қоңыр, иығында ақ дағы бар. Балапан кезінде бірыңғай ақ болады. Наурыз айында облыстың құмды-сексеуілді жерлеріне келіп, қазан айларында қиыр оңтүстікке оралады. Сәуір айында 1-3 жұмыртқа салып, оны кезектесіп 40-50 күн басады. Балапандары 65-70 күнде ұядан ұшады. Құмды, далалы жерлердің ұсақ жәңдіктерімен қоректенеді. Сиреп бара жатқандықтан Қазақстанның "Қызыл кітабына" енгізілген.





