Тұлғасы сымбатты, дене тұрқы 101-126 см, шоқтығының биіктігі 67-79 см. Текесінің салмағы 22 кг, ешкісінікі - 20-34 кг. Текелерінің мүйізі бедерлі, ұшы аздап иілген, қара қоңыр түсті, ұзындығы 33-43 см болады. Құйрығы кішкентай, қара қоңыр түсті. Тұяқтары кішкентай, қара түсті, сопақша әрі үшкір келеді.