A A A Ц Ц Ц Ц

ШРИФТ:

Arial Times New Roman

ИНТЕРВАЛ:

х1 х1.5 х2

ИЗОБРАЖЕНИЯ:

Черно-белые Цветные
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі, Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті «Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесі.

Select your language

МЕНЮ

Директор

Бекмагамбетова Эльнара Нурадиновна

тел: 8 771 224 38 70

Директордың орынбасары

Ағиев Меңдібай Ізтұрғанұлы

Тел: 87718383013

Ителгі

Балобан

Falco cherrug

Сұңқартәрізділер отряды – отряд Соколобразные - Falconiformes

Сұңқартектестер тұқымдасы – Семейство Соколиные – Falconidae

 

Таралуы. Еуразияның орманды дала, дала және шөлді аймақтарында – батыста Дунайдың төменгі сағасынан шығыста Үлкен Хинганға дейін кездеседі. Қазақстанда республиканың оңтүстік шығыстағы таулы аудандарында, Бетпақдалада, Қызылқұм, Маңғыстаудың тау тізбектерінде, Үстірттің шыңдарында, Наурызымның шоқ ормандары мен Ертіс бойындағы ормандарда, Торғайдың төменгі сағасында және Батыс Қазақстанда ұялайды. Миграция кезінде республиканың барлық жерлерінде кездеседі, Қазақстанның оңтүстігі мен шығысындағы тау бөктерінде қыстайтыны белгілі.

Биологиялық ерекшеліктері. Отырықшы не жыл құсы, ұялық консерватизмі анық байқалатын моногам. Басқа құстардың ұяларын иемденеді немесе ұясын жартастардың қуысы мен тік жарларға, сирек ағаштарға салады. Наурыз-сәуір айларында 3-5 жұмыртқа туады, балапандары 33-35 күннен соң жұмыртқадан шығады, 40-45 күнде ұясын тастайды, одан 1 ай өткен соң өз бетінше тіршілік ете бастайды. Майда және орташа денелі аңдар мен құстарға шабуыл жасайды, оларды ауада да, жерде де аулайды.

{gallery}zhanaliktar/3{/gallery}