Дала ешкіемері (лат. Trapelus sanguinolentus) – кесірткелердің бір түрі, тұрқы 11 – 12 см, салмағы 35 г-дай, арқа қабыршақтары біркелкі, құйрық қабыршақтары қиғаш орналасқан. Арқа жағы сұрғылт не сарғылт сұр, бауыры ақ. Ауа температурасына немесе жүйкесінің қозуына байланысты түсі құбылып тұрады. Шөл және шөлейт жерлерде кеміргіштердің және басқа омыртқалылардың інінде тіршілік етеді.




