A A A Ц Ц Ц Ц

ШРИФТ:

Arial Times New Roman

ИНТЕРВАЛ:

х1 х1.5 х2

ИЗОБРАЖЕНИЯ:

Черно-белые Цветные
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі, Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті «Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесі.

Select your language

МЕНЮ

Директор

Бекмагамбетова Эльнара Нурадиновна

тел: 8 771 224 38 70

Директордың орынбасары

Ағиев Меңдібай Ізтұрғанұлы

Тел: 87718383013

Үкі - негізінен шөлді, далалы, таулы орманды жерлерді мекендеп, жемін көбіне түнде аулайтын жыртқыш құс. Евразияда, сондай-ақ Қазақстанда кең тараған. Оның ішінде Шығыс, Оңтүстік-шығыс, және Орталық Қазақстанның жазықтары мен тауларын қоса, Бетпақдалада, Арал өңірінде, Маңғыстауда, Үстірт пен Еділ-Жайық өзендерінің аралығында кездеседі. Түрлі биотоптарда – тұз бен шөл даладан биік таулы жерлерге дейін мекендейді. Ұясын – қуыстарға, үңгірлерге, әр түрлі бастырмалардың астына жасыруға болатын жерге салады. Дене мөлшеріне қарай 2-12-ге дейін жұмыртқа салады, ұрғашысы бір айдан көп басады. Үкілер негізінен, ұсақ кеміргіштермен, кей жағдайда құстармен қоректенеді. Көп көшпейді, негізінен отырықшы. Жұптарын өмір бойы сақтайды. Фото авторы: Ж.Э.Нурмухамбетов