Биіктігі 40-60 см, көпжылдық өсімдік. Бір, сирегірек бірнеше сабағы болады
Биіктігі 40-60 см, көпжылдық өсімдік. Бір, сирегірек бірнеше сабағы болады. Төменгі жапырақтары жүрек тәрізді сопақша, ұзындығы 4–12 см, жоғарғы жапырақтары таспалы біз тәрізді, ұзындығы 1-см дей, майда. Гүлшоғыры біріккен қосарлы шашақ, сирек жағдайда бұтақтанған, бұтақшалары ұзарған болады, күлтелері сопақша, ұзындығы 5-7 мм, ақ түсті. Бұршаққыны екі мүшелі: жоғарғысы домалақ сопақша, ұзындығы 2 мм-дей, тегіс, сұрғылт көк түсті, төменгі жапырақтары цилиндрлі, жоғарғысынан қысқа. Тұқым арқылы көбейеді. Сәуір – мамыр айларында гүлдеп, мамыр – маусымда жеміс береді.





