Үстірт мемлекеттік қорығында кездесетін бүркіт (Aquila chrysaetos) - Қазақстандағы ең ірі жыртқыш құстардың бірі. Ол экожүйеде кеміргіштер мен ұсақ аңдардың санын реттеп, табиғи тепе-теңдікті сақтайды.
Бүркіттің орташа дене салмағы 4-6 кг аралығында, ал қанат жайымы шамамен 2 метрге дейін жетеді. Түр жұптасып тіршілік етеді және 1-2 жұмыртқа салады. Ұяларын биік жартастарға, қол жетпейтін жерлерге орналастырады.
Негізгі қоректік объектілері - қоян, түлкі және әртүрлі ұсақ кеміргіштер. Кей жағдайларда жұптұяқты жануарларға да шабуыл жасайды.Отправлено с iPhone


