2026 жылдың 9–12 маусым аралығында ғылым, ақпарат және мониторинг бөлімінің аға ғылыми қызметкерлері А.Пулатов, С.Турмагамбетов және қорғау бөлімінің мемлекеттік инспектор жүргізушісі Д.Атантаев қорық аумағында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді. Жылдық жоспарға сәйкес фототұзақтар орнатылып, деректер жиналды. Аң-құстардың тіршілігіне мониторинг жасалып, алынған мәліметтер базаға тіркеліп, өңделуде.
Қорық аумағында ауа-райы 9–11 маусымда оңтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы 6–7 м/с, температура 25–35°С аралығында болды. 12 маусымда ауа температурасы 40°С-қа дейін көтеріліп, аптап ыстық байқалды. Вахталық кезекшіліктегі инспекторлар өз міндеттерін толық атқарып, өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауда.




