A A A Ц Ц Ц Ц

ШРИФТ:

Arial Times New Roman

ИНТЕРВАЛ:

х1 х1.5 х2

ИЗОБРАЖЕНИЯ:

Черно-белые Цветные
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі, Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті «Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесі.

Select your language

МЕНЮ

Директор

Бекмагамбетова Эльнара Нурадиновна

тел: 8 771 224 38 70

Директордың орынбасары

Ағиев Меңдібай Ізтұрғанұлы

Тел: 87718383013

2025 жыл сәуір айының 21 күні Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы ғылым, ақпарат және мониторинг бөлімінің аға ғылыми қызметкері А.Пулатов Орталық Азиядағы ірі мысықтарды зерттеу, қорғау жөніндегі халықаралық жоба аясында Оңтүстік Үстірт пен Өнере аралығында жүргізген ғылыми экспедиция кезінде Қазақстанның Қызыл кітабына енген жыртқыш аң «Қарақұлақты» суретке түсірді.

Қарақұлақ-Каракал-Felis caracal - мысықтар тұқымдасына жататын жыртқыш аң. Денесінің ұзындығы 65–82 см, құйрығының ұзындығы 25–30 см, салмағы 11–13 кг. Құлағының сыртқы жағы түгелдей қара және құлағының ұшында ұзын шашақтары бар. Арқасы қоңыр сары, бауыры ақшыл сары. Қазақстанның шөл, шөлейтті аймақтарында және тау аңғарында кездеседі. Олар осындай ауданда тіршілік етуге бейімделген. Құмды жерде жақсы жүре алады, өйткені табандары жүнді келеді.