2023 жылдың мамырында National Geographic грант жобасының, Segré және Conservation X Labs жобаларының қатысуымен «Қазақстанда ірі мысықтарды - қар барысы мен Оңтүстік-Батыс Азия қабыланын зерттеу және қорғау бойынша халықаралық трансшекаралық жоба» іске қосылды. Жоба үш елде – Түркменстанда, Қырғызстанда және Қазақстанда жүзеге асырылуда.
Қазақстандағы Жобаның негізгі орындаушысы – Қазақстанның биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығының қатысуымен (АСБК https://www.acbk.kz/) «Биоалуантүрлілікті зерттеу және қорғау орталығы» қоғамдық қоры (BRCC https://www.brcc.kz/) болып табылады. Жобаның үйлестірушісі – Владимир Терентьев (BRCC).
Жобаның Маңғыстау облысындағы негізгі серіктес ұйымдары - «Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы» РММ, «Қызылсай» мемлекеттік өңірлік табиғи паркі, «Бейнеу орман және жануарлар дүниесін қорғау» КММ, Кендірлі- Қаясан мемлекеттік табиғи қорықтық аймағы, Маңғыстау облыстық орман шаруашылығы жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы, Маңғыстау облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі.
Маңғыстау облысының тұрғындары мен қонақтарына айтарымыз: жолыңызда кездескен жануарлар әлемінің өкілдеріне қамқорлықпен қарап, қабылан және сирек кездесетін қабылан, алабарыс және сирек кездесетін итаю, қарақұлақ, құлан, шибөрі т.б. кездескен жағдайда жоғарыда аталған мекемелердің мамандарына хабарлауыңызды сұраймыз!