
- Категория: Жаңалықтар
Ағымдағы жылдың 13 наурызында экологиялық ағарту және туризм бөлімінің мамандары Р. Баданова, С. Хожабаева, Н. Джалгасов және А. Сағызбаева Үстірт қорығының жануарлары, өсімдіктері, құстары, жәндіктері, сонымен қатар тарихи-мәдени және тарихи ескерткіштері жайлы Жаңаөзен қаласындағы "№12 бастауыш мектебінің оқушыларына дәріс оқып, кездесу өткізді.

- Категория: Жаңалықтар
Үстірт қорығы Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасы "Орман экожүйелерінің биологиялық алуантүрлілігі" қосымша экологиялық білім беру бағдарламасы бойынша ұйымдастырылған дөңгелек үстелге "ZOOM" платформасы арқылы қатысты.
Шараның мақсаты: Қазақстанда экологиялық білім беруді дамыту: тәжірибе, тәсілдер, алынған сабақтар, экобілім беру бойынша практикалық сабақтарды көрсету.

- Категория: Жаңалықтар
10 наурыз 2023 жылы Қарақия ауданы Сенек ауылындағы жалпы білім беретін “Қашаған Күржіманұлы" атындағы мектеп оқушыларына Үстірт қорығының экологиялық ағарту және туризм бөлімінің мамандары Р. Баданова С. Хожабаева, Н. Джалгасов және Сағызбаева А. қорықтың тыныс-тіршілігі, мекендейтін жануарлары, құстары, табиғи және тарихи-мәдени ескерткіштері туралы мағлұмат беріп, дәріс сабақтар өткізді. Сонымен қатар бөлім ұйымдастыруымен жасалған туристік маршрут туралы ақпарат берді.

- Категория: Жаңалықтар
Үстірт мемлекеттік табиғи қорығының инспекторлары А. Өзбекбаев, Б. Бердібеков, Ә. Беков, Д. Атантаев, Н. Уалихан, Б. Қожашев 05.03-14.03.23 аралығында кезекшілікпен қатар қорық аумағындағы бұлақ көздерін ашып, аншлагтарды жөндеп, аңдардың су ішетін астауларын судан толтыру жұмыстарын жүргізді.
- 2023 жылы 3 наурызда жыл сайынғы семинар сабақтарының аясында қорықтың инспекторлар құрамына "Үстірт қорығының флорасы мен фаунасы" тақырыбында аға ғылыми қызметкер С.Тұрмағамбетов, "Фототұзақ құру әдістері.
- Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы 2013 жылы бүкіл флора мен фаунаны қорғау мақсатында 3 наурызды “Дүниежүзілік жабайы табиғат күні”