
- Категория: Жаңалықтар
Сұңқартәрізділер отряды
Қаршығатектестер тұқымдасы
Сирек түр, саны қысқаруда. КСРО – ның Қызыл кітабына енгізілген.
Алуантүрлі, бірақ ағашты өсімдіктер (аққайыңды шоқорман, шоқормандар, сексеуіл ормандары, тоғайлар, далалы, шөлейтті не шөлді жерлердегі ормандар) бар учаскелер болуы міндетті.

- Категория: Жаңалықтар
Ғылыми қызмет бойынша баяндама. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жүргізілетін ғылыми зерттеу жұмыстарына қатысты жиналыстар өткізу кестесіне сәйкес 2022 жылғы 2 желтоқсанда Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті ZOOM платформасында "Үстірт МТҚ" және "Барсакелмес МТҚ"-на ғылыми зерттеу бағытындағы жұмыстарын жүргізу бойынша баяндамаларын тыңдап, презентация жүргізді. Баяндама барысында "Үстірт МТҚ" РММ-нің директорының м.а. Ж.Э.Нурмухамбетов пен ғылым, ақпарат және мониторинг бөлімінің басшысы Ж.А.Устадов бекітілген ғылыми зерттеу жоспарына сәйкес атқарылып жатқан жұмыстары, бірлескен ғылыми зерттеу жұмыстары, қазіргі таңдағы ғылыми бағыттағы проблемалық сұрақтар айтылды.

- Категория: Жаңалықтар
2022 жылғы 1-2 желтоқсанда ЕҚЫҰ-ның Астана қаласындағы өкілдігінің ұйымдастыруымен "Төтенше жағдайлар кезіндегі алғашқы көмек" тақырыбында Атырау қаласында өткен семинарға Үстірт МТҚ қорғау бөлімінің басшысы Қ.Мамаев қатысты.

- Категория: Жаңалықтар
2022 жылдың қазан айының 21-22 күндері БҰҰДБ-ның ұйымдастыруымен Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың Басқару жоспарын әзірлеу, жаңа тәсілдер және бюджетті жоспарлауды күшейту мақсатында Атырау қаласында өткен семинарға Үстірт мемлекеттік табиғи қорығының "Ғылым ақпарат және мониторинг" бөлімінің басшысы Ж.А.Устадов және экономист Е.Е.Есенгелдиев қатысып, Басқару жоспарын әзірлеудің жаңа тәсілдері мен бюджетті жоспарлауды меңгеріп келді.