15-16 қараша 2023 жылы Жаңаөзен қаласындағы «Дарын-мектеп лицейі» оқушыларына Үстірт қорығының экологиялық ағарту және туризм бөлімінің мамандары қорықтың тыныс-тіршілігі, мекендейтін жануарлары, құстары, табиғи және тарихи-мәдени ескерткіштері туралы мағлұмат беріп, дәріс сабақтарын өткізді.