A A A Ц Ц Ц Ц

ШРИФТ:

Arial Times New Roman

ИНТЕРВАЛ:

х1 х1.5 х2

ИЗОБРАЖЕНИЯ:

Черно-белые Цветные
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі, Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті «Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесі.

Select your language

МЕНЮ

Директордың ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары

Нурмухамбетов Жаскайрат Эрмекович

Ұялы тел: 87002961384

Директордың орынбасары

Ағиев Меңдібай Ізтұрғанұлы

Ұялы тел: 87718383013

31 наурыз 2023 жылы «Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы» РММ ұйымдастыруымен Қарақия ауданы Құланды ауылындағы жалпы білім беретін мектеп ұжымымен бірлікте «Парктер шеруі» табиғатты қорғау акциясының ашылуы өтті. «Парктер шеруі»–үлкен көлемде өтетін ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қолдаушы табиғат жанашырларын біріктіретін табиғатты қорғау акциясы. Аталмыш шараға мектеп ұжымы, Құланды ауылдық әкімдігі, ауыл ақсақалдары, “Ақниет” мұнайшылар қоғамдық бірлестігі, "Қызылсай" мемлекеттік өңірлік табиғи паркі" КММ-сі, №1 Жаңаөзен қалалық

емханасының дәрігері Жаманкулова Мухаддас Ражапқызы және Оқушылар шығармашылық үйі директорының орынбасары Битимова Тамара Дюйсенбаевна, «Жаңаөзен қаласының Жастар ресурстық орталығы»КММ мен ерікті жастары мен ауыл тұрғындары қатысты. Акцияның ашылуында Үстірт қорығының экологиялық ағарту маманы Джалгасов Нұрбол домбырамен күй тартып, мектептің өнерлі жастары ән айтып, өлең оқып, би биледі. Сонымен қатар мектеп ауласына жас шыбықтар отырғызылды.

Акция кезінде әртүрлі экологиялық сайыстар, сенбіліктер, шыбықтар отырғызу, байқаулар, спорттық ойындар және т.б. шаралар өтеді.

«Парктер шеруі» табиғатты қорғау акциясына-табиғатқа жанашыр боп белсенді қатысуға шақырамыз!