Ағымдағы жылдың 28 наурызында экологиялық ағарту және туризм бөлімінің мамандары С. Хожабаева және А. Сағызбаева Үстірт қорығының жануарлары, өсімдіктері, құстары, жәндіктері, сонымен қатар тарихи-мәдени және тарихи ескерткіштері жайлы Жаңаөзен қаласындағы политехникалық колледж студенттеріне дәріс оқып, кездесу өткізді.