A A A Ц Ц Ц Ц

ШРИФТ:

Arial Times New Roman

ИНТЕРВАЛ:

х1 х1.5 х2

ИЗОБРАЖЕНИЯ:

Черно-белые Цветные
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі, Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті «Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесі.

Select your language

МЕНЮ

Директордың ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары

Нурмухамбетов Жаскайрат Эрмекович

Ұялы тел: 87002961384

Директордың орынбасары

Ағиев Меңдібай Ізтұрғанұлы

Ұялы тел: 87718383013

Жалбағай

Колпица

Platalea leucorodia

 Дегелектәрізділер отряды – Отряд Аистообразные – Ciconiiformes

Тырнақұтандар тұқымдасы – Семейство ИбисовыеThreskiornithidae

 

Таралуы. Еуразия мен Солтүстік-шығыс Африканың су қоймалары. XX ғасырдың ортасында Қазақстаннның көптеген су қоймалары мен жазықтық өзендерінің атырауларында мекендеген. 1980-1990 жылдары жалбағай тек Еділ-Жайық су айырығының, Орталық, Оңтүстік және Шығыс Қазақстанның жекелеген су қоймаларында ғана сақталып қалды.

Биологиялық ерекшеліктері.  Жыл құсы. Шоғыр құрып, көбіне құтандар және үлкен суқұзғындарымен бірге ұялайды. Ұясы-қамыста (құлаған қамыс, қопалар), кейде бұталар мен ағаштарда. Ұяда 3-4 жұмыртқа болады. Сәуір-мамырдың ортасынан шайқау басталады және 21-25 тәулікке созылады. Ұясының бұзылуы және балапандарының өлім-жетімге ұшырауы 50-60% . Су омыртқасыздары, балықтардың шабақтары және майда бақалармен қоректенеді. Қорегі және ұялайтын орны үшін бәсекелестер құтандар мен қарабайлар болып табылады. Негізгі жаулары – қара және ала қарғалар, саз құладыны және боз шағала.