A A A Ц Ц Ц Ц

ШРИФТ:

Arial Times New Roman

ИНТЕРВАЛ:

х1 х1.5 х2

ИЗОБРАЖЕНИЯ:

Черно-белые Цветные
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі, Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті «Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесі.

Select your language

МЕНЮ

Директордың ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары

Нурмухамбетов Жаскайрат Эрмекович

Ұялы тел: 87002961384

Директордың орынбасары

Ағиев Меңдібай Ізтұрғанұлы

Ұялы тел: 87718383013

Маңғыстау облысының жер бедері сан алуан, оған жазық жерлер Үстірт жазығы, Бозашы түбегі, таулы жерлер: ең биік нүктесі-Шығыс Қаратау жотасындағы Бесшоқы тауы, ал ең төменгі нүктесі-Қарақия ойпаты кіреді. Бұл ойпат тереңдігі жөнінен дүниежүзінде 3-інші орын алады. Үстірт қорығы - Қазақстанның Батыс өңіріндегі жалғыз қорық . Қорық Маңғыстау облысының Қарақия ауданында 223 342 гектар аумақты алып жатыр. Өзінің құқықтық қорғау режиміне сәйкес қорықтық және күзетілетін өңірлерге бөлінеді. Қазіргі уақытта қорық аумағында өсімдіктің 403 түрі, сүтқоректілердің 33 түрі, бауырымен жорғалаушылардың 15 түрі, құстардың 174 түрі, қосмекенділердің 1 түрі кездеседі. Соның ішінде Қызыл Кітапқа енген- Төртжолақты қарашұбар жылан -

қабыршақтылар отрядының Сарыбас жыландартәрізділер тұқымдасына жатады.

Дүниежүзінде  бұл жылан Сицилия аралы  мен  Апеннин түбегінен бастап, Украинаның оңтүстік бөлігі мен Кавказ арқылы Қазақстанға дейін таралған. Республика жерінде Маңғыстауда, Үстірт  пен Аралдың солтүстігінде кездеседі. Бекінген не жартылай бекінген құмдарды, сазды және сортаңды жерлерді, тасты шөлдер мен өзен аңғарларын мекендейді.

Ұзындығы 160 см, денесінің үстіңгі жағында ұзына бойына созылып жатқан төрт қара сұр жолақ не қара дақтар болады. Бүйірінде бір қатар майда дақтар орналасқан. Бүйіріндегі қабыршақтар қызғылт не қызғылт сары түсті. Ересектерінде көзінің артынан езуіне дейін созылған қара жолағы бар, ал жас жыландарда бұл жолақ танау тесігінен көзінің алдына дейін созылады. Жас жыланның басындағы ерекше сурет есейе келе жойылып, басының түсімен бірдей болып кетеді. Ересектерінің үстіңгі ернінің қалқаншалары ашық сары түсті, көзінің нұрлы қабығы – қара. Бауыры сарғыш, аздаған дақтар көрінеді, кейде олардың болмауы да мүмкін. Қысқы ұйқыдан сәуірде оянады. Күндіз және ымыртта белсенді. Кеміргіштердің інін, жарықшақтарды, қуыстарды баспана етеді. Маусымда 6 – 16 жұмыртқа салады, олардан қыркүйектің соңы – қазан айының басында жас жыландар шығады. Негізінен ұсақ  сүтқоректілермен, құмтышқандармен, құстар мен олардың жұмыртқалары,  кесірткелермен қоректенеді. Қолға тез үйренеді, террариумда ұстауға қолайлы, усыз жылан. Мазалаған кезде құйрығының ұшын дірілдетіп, дыбыс шығарады. Төртжолақты қарашұбар жылан Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген. Оған себеп: халық арасында «сарыүйек» деген атаумен танылып,  халық емі ретінде пайдалану үшін шектен көп ауланып, сиреп кетуінде. Әлеуметтік желілердің хабарландыруларында  кептірілген түрін өлшеммен сатуда. Қазіргі медицина бұл жыланның емдік қасиетін толық растамай отыр, сондықтан қарапайым халыққа жылан аулаудың тиімсіздігі кеңінен түсіндірілуі қажет.

Сарыүйек–неліктен қасиетті жылан? Бұл жылан өткен ғасырларда, қазіргідей дәрі-дәрмектердің қолжетімсіз кезеңінде емдік қасиеті болған. Өкпе туберкулез ауруларына сарыүйек жыланның еті — ем. Сарыүйек жыланның құйрығы ұсталған жерден үзіледі, үзілген құйрықты таз баланың басына тартса тез жазылып шаш шығады дейді қазақ емшілері. Жылан етіне талғаған ананың туған баласы батыр, жаужүрек болады. Қазіргі заманда өте сирек қалған сарыүйек жыланы  ашкөздік құрбаны болуда. Сонымен қатар жыланның кез-келген маусымда ауланғаны адамдың өміріне қауіп төндіруде. Жыланның осыған ұқсас түрі яғни қарашұбар әрі жуандау түрлері өте улы болып келеді. Ыстық маусымдарда олар өте улы әрі жұмыртқа басып жатқан мезгілі болғандықтан жыландарға жоламау қажет.

Жыланнан сақтану үшін туристерге түсіндірме жұмыстарын жүргізу - маңызды шаралардың бірі. Жазда, ыстық түскенде, жыландар белсенді түрде шыға бастайды. Жазатайым оқиғалардың алдын алу үшін, жылан шаққан кездегі аса қиындық тудырмайтын алғашқы көмек көрсету ережесін ұсынады:

- Жылан шаққан кезде, ең алдымен, жараның аузынан уды мүмкіндігінше тез соруға тырысыңыз, оны үнемі түкіріп отырыңыз. Мұны зардап шегушінің өзі немесе жанындағы адам жасай алады;

- Уды жақсылап шығару үшін тістеу орнын кесу ұсынылмайды. Бұл инфекцияға, сіңірдің зақымдануына, мүгедектікке әкелуі мүмкін;

- Уды сорғаннан кейін, зардап шегушінің қозғалуын шектеу керек. Егер аяқты шаққан болса, оны бинттпен орап таңып қою керек, егер қолға зақым келтірсе, оны бүгілген күйде ұстаған жөн;

- Зардап шегушіге көп сұйықтық – су, шай, сорпа ішу ұсынылады;

- Жараны 1% - дық марганец қышқылды калий ерітіндісімен жуады;

-Аллергияға арналған 1-2 таблетканы, мысалы, "Супрастин", "Тавегил"қабылдауға болады.

- Ешқандай жағдайда жгут таңуға болмайды;

 - Шағылған жерді күйдіру тиімсіз, себебі кейде жыланның улы тістерінің ұзындығы сантиметрден асады.

- Жылан шаққан адамға спирттік ішімдіктерді ішуге қатаң тыйым салынады. Ең бастысы, жыланның шағуынан кейін адамды емдеу мекемесіне мүмкіндігінше тезірек жеткізу қажет.  

Туристер қыдыру, серуендеу барысында дараланбай, сақтықпен жүру ұсынылады. Табиғат перзенттері түсі таспен, мекен еткен ортасына бейімделіп шөп түсті болып, кез-келген адамның көзіне шалынбауы мүмкін. Оларды террариумда ұстау мақсатымен аулаудан сақ болуға шақырамыз. 

Туған жердің табиғи байлықтарын қорғау - ел мүддесі.  Келешек ұрпаққа туған жер  байлығы – аманат.

 

Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы

 Ә.Қуанов.