A A A Ц Ц Ц Ц

ШРИФТ:

Arial Times New Roman

ИНТЕРВАЛ:

х1 х1.5 х2

ИЗОБРАЖЕНИЯ:

Черно-белые Цветные
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі, Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті «Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесі.

Select your language

МЕНЮ

Директордың ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары

Нурмухамбетов Жаскайрат Эрмекович

Ұялы тел: 87002961384

Директордың орынбасары

Ағиев Меңдібай Ізтұрғанұлы

Ұялы тел: 87718383013

Ғылым ақпарат және мониторинг бөлімінде штаттық кестеге сәйкес Үстірт мемлекеттік табиғи қорығының ғылым, ақпарат және мониторинг бөлімінде 5 қызметкер жұмыс жасайды. Ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізудің мақсаты Үстірт қорығының биоалуантүрлілігі- өсімдіктері мен жануарлары, олардың өмір сүру ортасы т.б. маңызды жағдайлары туралы тұрақты нақты мәліметтер алу, сонымен қатар қауіпті жағдайлардың алдын алу шараларын әзірлеу. Жыл бойы қорық қызметкерлері мен инспекторларына деректерді талдау, мониторинг жүргізу, бланкілер мен формаларды толтыру бойынша оқу семинарлары өтеді.

ҮМТҚ-да ғылыми зерттеулер 2021-2025 жж. арналған ғылыми зерттеу жұмыстарының жоспарына сәйкес ҚР ЭГТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің 28 қаңтар 2021 жылғы №27-5-6/15  бұйрығымен бекітілген  6 ғылыми тақырып жүргізіледі.

  1. ҮМТҚ-ның аумағындағы табиғи құбылыстар мен процесстерді бақылау.
  2. ҮМТҚ-ның аумағында сирек кездесетін және жойылып бара жатқан өсімдіктер түрлерінің популяциясының жағдайын бағалау.
  3. ҮМТҚ-ғы мен оның төңірегіндегі сүтқоректілердің сирек кездесетін түрлерінің мониторингі
  4. ҮМТҚ-дағы құстардың ерекше қорғалатын және сирек түрлерінің популяциясына мониторинг.
  5. Шөлдік экожүйенің маңызды компоненті (құрамдас бөлігі) болып табылатын ҮМТҚ-ның герпетокешендерінің мониторингі.
  6. Үстірт уриалының экологиясы және мониторингісі.

 

Ғылыми тақырыптар бойынша алынған мәліметтер талданып, сарапталып, қорықтың биоалуантүрлілігіне қауіпті болдырмау мен азайту мақсатында нақты іс шаралар қабылданады. Ғылыми тақырыптар бойынша материалдар жинау үшін ғылыми қызметкерлер тұрақты түрде далалық жұмыстарға шығады. Содан соң камералдық өңдеу жасалып, ғылыми мақалалар мен жылдық есептер жазылады.

2007 жылғы 18 сәуірдегі ҚР АШМ №156 бұйрығымен бекітілген әдістемелік нұсқауларға сәйкес ғылым, ақпарат және мониторинг бөлімінің қызметкерлері «Табиғат жылнамасын» жүргізіп отыр.

Жыл сайын ғылыми қызметкерлер омыртқалы жануарлар мониторингі жұмыстарын жалғастырып, фототұзақтардың көмегімен қорықтың фотомұрағатына кіретін жануарлардың көптеген сапалы фотосуреттерін алып,  сирек кездесетін жануарлардың таралуы жайлы маңызды мәліметтер алынады.

ӨТІНІМДІ ЖІБЕРІҢІЗ

Қош келдіңіз! Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы біз сіздерді көруге әрқашан қуаныштымыз.