A A A Ц Ц Ц Ц

ШРИФТ:

Arial Times New Roman

ИНТЕРВАЛ:

х1 х1.5 х2

ИЗОБРАЖЕНИЯ:

Черно-белые Цветные
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі, Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті «Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесі.

Select your language

МЕНЮ

Директордың ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары

Нурмухамбетов Жаскайрат Эрмекович

Ұялы тел: 87002961384

Директордың орынбасары

Ағиев Меңдібай Ізтұрғанұлы

Ұялы тел: 87718383013

ДАЛА ЕШКІЕМЕРІ

СТЕПНАЯ АГАМА

TRAPELUS SANGUINOLENTUS

Қарапайым сұр кесірткелердің бір түрі. Құйрығы қызғылт сары, қарны және тамағы ашық көк. Денесінің ұзындығы 11 – 12 см, салмағы 35 г-дай, арқа қабыршақтары біркелкі, құйрық қабыршақтары қиғаш орналасқан. Арқа жағы сұрғылт не сарғылт сұр, бауыры ақ. Ауа температурасына немесе жүйкесінің қозуына байланысты түсі құбылып, көктем кезінде өзгереді. Шөл және шөлейт жерлерде кеміргіштердің және басқа омыртқалылардың інінде тіршілік етеді. Секіруге де, өрмелеп жүруге де бейім.

Күйлеу кезеңінде температурадан немесе қозған кезде аталығының тамағы мен денесінің екі шеті көк түске, ал аналығының арқасыдағы қоңыр дағы қызыл түске боялады. Сәуір айында жаппай шағылысып, екінші жылы жыныстық жағынан жетіледі. Бір маусымда аналығы 3 рет 4 – 18 жұмыртқаны 50 – 60 күндей басады. Қысқы ұйқысы 5 айға созылады (қазаннан наурызға дейін).

Ешкіемердің негізгі қорегі – жәндіктер, өрмекшілер. Ешкіемерлер тек қана ұшып келе жатқан жәндіктерді ұстап алмайды, олар сонымен қатар, гүлшоғырларында, бұтақтарда қонып отырған жәндіктерді теріп жейді.