A A A Ц Ц Ц Ц

ШРИФТ:

Arial Times New Roman

ИНТЕРВАЛ:

х1 х1.5 х2

ИЗОБРАЖЕНИЯ:

Черно-белые Цветные
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі, Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті «Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесі.

Select your language

МЕНЮ

Директордың ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары

Нурмухамбетов Жаскайрат Эрмекович

Ұялы тел: 87002961384

Директордың орынбасары

Ағиев Меңдібай Ізтұрғанұлы

Ұялы тел: 87718383013

Статусы. I санат. Өте сирек түр. Шектеулі территорияда бірен – сарандары кездеседі.

Гендік қорды сақтап қалудағы таксонның маңыздылығы.Туыстың Әлемдік фаунадағы бірден – бір өкілі.Қазақстанда оның таралу аймағының солтүстік шекарасы өтеді.

Таралуы.Оңтүстік, Оңтүстік – батыс Үстірт,Маңғыстау облысындағы Қарынжарық ойпаты.

Мекендейтін жерлері.Оңтүстік Үстіртте- шыңдардың тілімделген терең шатқалдары, жотадағы жазықтардың шыңдары мен сайлары.Оңтүстік- батыс Үстіртте – сексеуілдері және алуантүрлі шөптесін өсімдіктері  бар, шұңқыры, сайы, қуысы жеткілікті ойлы – қырлы жазықтар.Қарынжарықта –Кендірлі соры  мен Қаясан жарларымен шектесетін, ұзын суайрықтары, сайлар кесіп өтетін, баялыш,қараған, сексеуіл,курчавка өскен жазық учаскелер .

Саны.Бірен – сарандары кездеседі.1983 жылдан бастап, бірінші табылуы,10-15 аң есепке алынған .Қазақстандағы саны бірнеше ондықтан аспауы мүмкін.

Негізгі шектеуші факторлар. Кездейсоқ кездескенде адамдардың өлтіруі, ірі жыртқыштарға салынған қақпанға түсу.

Биологиялық ерекшеліктері.Өте нашар зерттелген. Ымыртта – түнде, ал салқын кездерде күндіз де белсенді.Қыста суық кенеттен түскен жағдайда қысқа мерзімді ұйқыға кетеді. Өзі қазған жай індерінде, немесе иесіз құмтышқандары мен басқа аңдардың індерін кейейтіп, сонда тұрады.Жылына бір рет көбейеді,қыркүйек- қазанда ұйығады.Буаздылық – 7 айдай, күшіктері наурыз – сәуірде пайда болады.1 – 2 күшік туады.Қорегінің құрамында  омыртқасыздар мен майда омыртқалы жануарлар (кесірткелер, майда құстар, құмтышқандары, кірпілер, құм қояндары, тасбақалар) кездеседі. Өсімдіктің тамыры мен жемісін жейді. Жаулары – қасқыр, Бәсекелестері – түлкі, шұбар мысық, басқа жыртқыштар.

Қолда өсіру. Ашхабад хайуанаттар бағында ұсталады .

Қолға алынған қорғау шаралары. Үстірт қорығында, Кендірлі – Қаясан мемлекеттік қорық аймағында қорғалады.

Қажетті қорғау шаралары. Итаюдың кездесетін көп жері Үстірт қорығына жақын орналасқан.Бұл учаскелерді осы қорықтың құрамына қосу керек, өйткені бұл жерлерде төртжолақты абжылан,жорға дуадақ, қарақал, қарақұйрық мекендейді.

Зерттеу үшін ұсыныстар.Жүйелі түрде түрдің экологиясын, таралуын және санын зерттеу.