A A A Ц Ц Ц Ц

ШРИФТ:

Arial Times New Roman

ИНТЕРВАЛ:

х1 х1.5 х2

ИЗОБРАЖЕНИЯ:

Черно-белые Цветные
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі, Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті «Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесі.

Select your language

МЕНЮ

Директордың ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары

Нурмухамбетов Жаскайрат Эрмекович

Ұялы тел: 87002961384

Директордың орынбасары

Ағиев Меңдібай Ізтұрғанұлы

Ұялы тел: 87718383013

Жұртшы  (Neophron percnopterus)

Сұңқартәрізділер  отряды

Қаршығатектестер тұқымдасы

 

Таралуы. Африка, Оңтүстік Еуропа, Аравия, Кіші Азия, Иран, Ауғанстан, Үндістан, Орта Азия таулары. Қазақстанда Тянь-Шань, Жоңғар Жетісу Алатауының сілемдері, Үстірт пен Маңғыстаудың құздарында, солтүстік ендіктің 46˚-на дейін кездеседі. Үндістан мен Африкада қыстайды.

Биологиялық ерекшеліктері. Наурыздың аяғы – сәуірдің басында ұшып келеді, қыркүйектің аяғында ұшып кетеді. Ұялау учаскесінде 3-4 ұя болады, оларды кезектесіп пайдаланады. Ұяда 1-3, әдетте 2 жұмыртқа сәуірдің  аяғында пайда болады, балапандары 42 күнде жұмыртқадан шығады,  ұяны 12 аптадан соң тастайды. Жабайы және үй жануарларының өлекселерімен, қиларымен, жуындыларымен қоректенеді, кейде – бауырымен жорғалаушыларды аулайды.