A A A Ц Ц Ц Ц

ШРИФТ:

Arial Times New Roman

ИНТЕРВАЛ:

х1 х1.5 х2

ИЗОБРАЖЕНИЯ:

Черно-белые Цветные
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі, Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті «Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесі.

Select your language

МЕНЮ

Директордың ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары

Нурмухамбетов Жаскайрат Эрмекович

Ұялы тел: 87002961384

Директордың орынбасары

Ағиев Меңдібай Ізтұрғанұлы

Ұялы тел: 87718383013

Қарақұйрық (Gazella subgutturosa)

Жұптұяқтылар отряды

Қуысмүйізділер тұқымдасы

 Алғаш рет A.I.Guldenstaedt қарақұрықты табылған жерінде, яғни С олтүстік – Батыс Персияда, сипаттаған. Джейран – персиялық атауы; грузиндерде – «джейрани»; туркмендерде – «жерен» немесе «дүз киігі»; қырғыз, өзбек және қазақтарда – қарақұйрық; сонымен қатар Орта Азияның көп елдерінде және Қазақстанда «киік»  деп атаған.

Негізгі мекендері – секесеуіл, жүзгүн, жыңғыл өскен құмды, тасты және сазды шөлдер мен тау етектері. Сол қоныстардағы бұйырғын, теріскен, жүзгүн өскен жайылымдарды жиі мекендейді. Мекендеріне қойылатын негізгі талап – су көзінің болуы, қыста қардың аз түсуі және мекендердің жақсы қорғануға мүмкіндігінің мол болуы.

Ақбөкенге қарағанда, үлкен  топты аз құрады, әдетте топтарында он шақты ғана қарақұйрық болады. Көбіне жалғыздан, ал аналықтары жазда өз ұрпақтарымен жүреді. Аталықтары жыныстық жағынан 17-18 айда, ал ұрғашылары 7-8 айда жетіледі. Ауа райына байланысты күйлеуі қараша – желтоқсан айларында өтеді. Лақтарын тууы сәуірдің аяғынан шілденің басына дейін созылады. Негізгі азықтары – әртүрлі шөптер мен бұталар. Маусым сайын азықтары өзгеріп отырады. Өсімдіктердің 70-тей түрімен қоректенеді. Негізгі жаулары – қасқырлар мен малшы иттері. Лақтарына түлкі мен ірі жыртқыш құстар шабуыл жасайды.

 

ӨТІНІМДІ ЖІБЕРІҢІЗ

Қош келдіңіз! Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы біз сіздерді көруге әрқашан қуаныштымыз.