Майда қатыран
Катран беззубый
Crambe edentula
Семейство - Brassicaceae – Капустные
Сирек кездесетін, таралуы шектеулі түр. Тұран провинциясының эндемигі, реликт түр. Биіктігі 40-60 см, көп жылдық өсімдік. Бір, сирегірек бірнеше сабағы болады. Төменгі жапырақтары жүрек тәрізді сопақша, ұзындығы 4-12 см, жоғарғы жапырақтары - таспалыбіз тәрізді, ұзындығы 1 см-дей, майда. Гүлшоғыры біріккен қосарлы шашақ, сирек жағдайда бұтақтанған, бұтақшалары ұзарған болады, күлтелері сопақша, ұзындығы 5-7 мм, ақ түсті.
2023 жылдың мамырында National Geographic грант жобасының, Segré және Conservation X Labs жобаларының қатысуымен «Қазақстанда ірі мысықтарды - қар барысы мен Оңтүстік-Батыс Азия қабыланын зерттеу және қорғау бойынша халықаралық трансшекаралық жоба» іске қосылды. Жоба үш елде – Түркменстанда, Қырғызстанда және Қазақстанда жүзеге асырылуда.
Қазақстандағы Жобаның негізгі орындаушысы – Қазақстанның биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығының қатысуымен (АСБК https://www.acbk.kz/) «Биоалуантүрлілікті зерттеу және қорғау орталығы» қоғамдық қоры (BRCC https://www.brcc.kz/) болып табылады. Жобаның үйлестірушісі – Владимир Терентьев (BRCC).
Бүркіт
Беркут
Aquila chrysaetos
Сұңқартәрізділер отряды - Отряд Соколообразные - Falconiformes
Қаршығатектестер тұқымдасы - Семейство Ястребиные - Accipitridae
Таралуы. Еуразияда кең таралған. Ұялайтын жерлерінде қыстайды. Қазақстан территориясында шашырап мекендейді. Оңтүстік пен шығыстың тауларында біршама кәдімгідей, бүркіт Маңғыстауда, Үстірттің шыңдарында, Мұғылжарда, Сырдария өзеннің аңғарында, Қызылқұмда Бетпақдалада. Сары-Арқаның бірқатар нүктелерінде, Көкшетау қырқаларында және Павлодар Ертіс өңірінде кездеседі.
Ителгі
Балобан
Falco cherrug
Сұңқартәрізділер отряды – отряд Соколобразные - Falconiformes
Сұңқартектестер тұқымдасы – Семейство Соколиные – Falconidae
Таралуы. Еуразияның орманды дала, дала және шөлді аймақтарында – батыста Дунайдың төменгі сағасынан шығыста Үлкен Хинганға дейін кездеседі. Қазақстанда республиканың оңтүстік шығыстағы таулы аудандарында, Бетпақдалада, Қызылқұм, Маңғыстаудың тау тізбектерінде, Үстірттің шыңдарында, Наурызымның шоқ ормандары мен Ертіс бойындағы ормандарда, Торғайдың төменгі сағасында және Батыс Қазақстанда ұялайды. Миграция кезінде республиканың барлық жерлерінде кездеседі, Қазақстанның оңтүстігі мен шығысындағы тау бөктерінде қыстайтыны белгілі.
Жек дуадақ
Джек
Chlamydotis macqueenii
Тырнатәрізділер отряды – Отряд Журавлеобразные – Gruiformes
Дуадақтар тұқымдасы – Семейство Дрофиные - Otididae
Таралуы. Солтүстік Америка мен Азияның оңтүстік жартысындағы шөлдер мен шөлейтті жерлерде ала-құла орналасқан. Қазақстанда – Каспийден Зайсан қазаншұңқырына дейін, солтүстікте ендіктің 48-49°-на дейін кездеседі. Алдыңғы және Оңтүстік Азияда қыстайды.