A A A Ц Ц Ц Ц

ШРИФТ:

Arial Times New Roman

ИНТЕРВАЛ:

х1 х1.5 х2

ИЗОБРАЖЕНИЯ:

Черно-белые Цветные
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі, Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті «Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесі.

Select your language

МЕНЮ

Директордың ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары

Нурмухамбетов Жаскайрат Эрмекович

Ұялы тел: 87002961384

Директордың орынбасары

Ағиев Меңдібай Ізтұрғанұлы

Ұялы тел: 87718383013

2021 жылдың сәуір-мамыр айларында Үстірт МТҚ директордың ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары Ж.Нурмухамбетов Қазақстан Республикасының оңтүстік шекарасындағы Маңғыстау, Ақтөбе, Қызылорда және Түркістан облыстарында қарақұйрық популяциясының қазіргі жағдайын бағалау бойынша халықаралық зоологиялық SOS-джейран экспедициясына қатысып, аталған экспедиция есебінің бірлескен авторы.

 Экспедиция нәтижесінде Бонн конвенциясы бойынша ҚР міндеттемелеріне сәйкес тұяқты жануарлардың шекаралық сым қоршаулардан өтуін қамтамасыз ету жөнінде ұсыныстар дайындалды.

 

 2016 және 2018 жылдары Руффорд қорының қолдауымен (Rufford Small Grants for Nature Conservation) https://www.rufford.org/projects/zhaskairat_nurmukhambetov Үстірт мемлекеттік табиғи қорығының аумағында өлексемен қоректенетін құстарды жемдеу жобасы жүргізілді.

Қазақстанда, соның ішінде Маңғыстау облысында жыртқыш құстардың  тіршілігін шектеуші негізгі факторлардың бірі – бұл соңғы онжылдықта үй және жабайы тұяқты жануарлардың бас сандарының күрт азаюының нәтижесінде болған жем-шөп тапшылығы. Жоба барысында 3 жемдеу алаңында айына екі рет 20 кг жем (мясные субпродукты) қойылған. Әр жемдеу алаңына 2 фототұзақ орнатылды.

Бақылау барысында көптеген жыртқыш жануарлар мен құстардың фотосуреттері алынды. Соның ішінде 2018 жылдың қыркүйек айында Қазақстанда алғаш рет фототұзаққа Үстірт қорығының ұйымдастыруымен өткен байқау нәтижесінде Тау Шері атына ие болған оңтүстік-батыс Азия алабарысы Panthera pardus saxicolor түскен болатын. Фототұзаққа алабарыстың түсуі 2021 жылдың ақпан айына дейін жалғасты.

2021 жылы маусым айында Маңғыстау облысы Бейнеу ауданындағы Үстірт жонының Батыс шыңдары солтүстік бөлігінде Бейнеу бекетінен оңтүстік-батыста шамамен 23 шақырымында ауыл тұрғыны алабарыс өлексесін тапқан. Өкінішке қарай, шетелдік сарапшылар фотосурет бойынша табылған аң өлексесі Тау Шері екенін анықтады.

2022 жылы Руффорд қорының қолдауымен жыртқыш құстар мен жануарларды зерттеу жұмыстары жалғасатын болады. Зерттеу жұмыстары барысында тек қана Үстірт МТҚ аумағында ғана емес, Оңтүстік Үстірттің Қапланқыр шыңдарында да фототұзақтар орнату жоспарланып отыр. Сонымен бірге, 2014 жылы басталған Маңғыстау облысы Қарақия ауданындағы құстар популяциясына әуе электржелілерінің кері әсерін бағалау бойынша жұмыстар жалғасады.

Үстірт МТҚ ғылым, ақпарат және мониторинг бөлімі соңғы онжылдықта Ресейдің мамандарымен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасап келеді.  Жыл сайын биология ғылымдарының кандидаты Марк Валентинович Пестовтың ғылыми жетекшілігімен қорықтың герпетофаунасын зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Ғылым бөлімі  Қазақстанның Биоалуантүрлілігін Сақтау Қоры (АСБК), соның ішінде CADI «Инициатива по пустыням Центральной Азии» халықаралық жобасы аясында тығыз байланыста жұмыстар атқаруда.

CADI жобасымен бірлескен жұмыстар барысында қайтарымсыз негізде 20 фототұзақ, 1 айналы фотоаппарат, ноутбук, персоналды компьютер, gps навигаторлар, смарт күзет жүйесін енгізу үшін смартфондар, Сваровски подзорная трубасы, 2 УАЗ автокөлігін алып берді.

2017-2019 жж. CADI жобасының аясында қорықтың ғылым бөлімі қызметкерлерінің қатысуымен Оңтүстік Үстірттің, соның ішінде Қапланқыр шыңдарын зерттеу бойынша жұмыстар жүргізілді. 2021 жылы Үстірт МТҚ «Оңтүстік Үстірт» кластерлік учаскесін құрудың табиғи-ғылыми негіздемесі дайындалып, директордың ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары Жасқайрат Нурмухамбетов бірлескен авторы болды.

2022 жылы наурызда аталған ҒТН Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетімен келісілді. Қазіргі кезде CADI жобасының аясында Техникалық-экономикалық негіздемесі дайындау жөнінде келіссөздер жүргізілуде.

ӨТІНІМДІ ЖІБЕРІҢІЗ

Қош келдіңіз! Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы біз сіздерді көруге әрқашан қуаныштымыз.