A A A Ц Ц Ц Ц

ШРИФТ:

Arial Times New Roman

ИНТЕРВАЛ:

х1 х1.5 х2

ИЗОБРАЖЕНИЯ:

Черно-белые Цветные
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі, Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті «Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесі.

Select your language

МЕНЮ

Директордың ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары

Нурмухамбетов Жаскайрат Эрмекович

Ұялы тел: 87002961384

Директордың орынбасары

Ағиев Меңдібай Ізтұрғанұлы

Ұялы тел: 87718383013

Жыл сайын туған жер тарихы мен мәдениетін насихаттауға, адамдардың табиғатқа, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыруға бағытталған экологиялық ағарту іс-шараларын 22 наурыз бен 5 маусым аралығында республика бойынша қорықтар мен ұлттық бақтар арасында өтетін табиғатты қорғауға арналған «Парктер шеруі» акциясын Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы 2000-шы жылдардан бері Жаңаөзен қаласы және Маңғыстау облысы бойынша ұйымдастырып келеді.

Парктер шеруі–ауқымды көлемде өтетін ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды (әрі қарай-ЕҚТА) қолдаушы табиғат жанашырларын біріктіретін табиғатты қорғау акциясы. Акцияның мақсаты-ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың өзекті мәселелеріне атқарушы органдардың, БАҚ-ның, бизнес өкілдерінің, тұрғындардың назарын аудару, сонымен қатар қорық аумақтарын дамыту мен сақтауда қолдау көрсету, табиғатқа тұрғындардың оң көзқарастарын қалыптастыру. Парктер шеруі көптеген елдерде өткізіледі. Акцияның шығу тарихы 1990 жылдары АҚШ-нан бастау алған. Біздің елімізде «Парктер шеруі» акциясын 1996 жылдан бастап қорықтар мен ұлттық бақтар өткізіп келеді.

Акция кезінде наурыз-мамыр айларында қорықтар мен ұлттық бақтар ЕҚТА туралы мағлұматтар беріп, әлеуметтік маңыздылығы мен қорықтық аумақтардың планетамыздың табиғатын қорғаудағы маңыздылығы туралы баяндайды.  Байқаулар, семинар, дөңгелек үстел, ашық есік күндері, экологиялық десанттар (тазалық жұмыстары, ағаш отырғызу, бұлақ көздерін тазалау,т.б.), тақырыптық көрмелер мен концерттер, теле, радиобағдарламалар шаралардың барлығы атқарушы билік органдары, білім беру орындары, БАҚ өкілдері және түрлі қоғамдық ұйымдарымен бірлікте өтеді.

Үстірт қорығының экологиялық ағарту және туризм бөлімінің мамандары Жаңаөзен қаласы және Маңғыстау облысының білім беру орындары мен ұйымдар, мекемелер арасында табиғатты қорғау бағытында дәрістер мен кездесулерді жыл бойы өткізеді. Экологиялық мәдениеттілік пен сауаттылықты арттыру мақсатында тренингтер, дөңгелек үстелдер, конференциялар, түрлі байқаулар да ұйымдастырылады. Сонымен қатар жыл бойы Жаңаөзен қаласы және Маңғыстау облысының білім беру орындарында «Парктер шеруі» акциясы аясында «22 сәуір-Жер күні», «1 сәуір-Құстар күні», «18 мамыр-Мұражай күні», «21 мамыр-Қоршаған ортаны қорғау күніне» арналған әртүрлі шаралар өтеді. Акцияға мемлекеттік орган өкілдері, табиғат қорғау, қоғамдық, білім беру орындары мен мекемелері қатысып, «Парктер шеруі» акциясының өтуіне қолдау көрсетуде.

 «Парктер шеруі»  әр адамға ЕҚТА-ты қорғауда және дамытуда нақты іс-қимылмен өз үлесін қосуға мүмкіндік береді. Себебі, қорықтар мен ұлттық бақтар – бұл еліміздің мақтанышы және байлығы.

“Парктер шеруі-2022” табиғатты қорғау акциясында

ұйымдастырылған іс-шаралар:

 

  1. «Туған өлкем – сыр шертеді» көрмесі
  • Жаңаөзен қаласындағы №6 ЖББМ;
  • №22 ЖББМ;
  • «Атамұра» мәдениет үйінде;
  • №13 «Дарын» мектеп-лицейі;
  • №14 ЖББМ;
  • №11 ЖББМ;
  • «Жаңаөзен қалалық орталық кітапхана»;
  • Кендірлі ауылындағы «Кендірлі» мәдениет үйінде ұйымдастырылды.
  1. «Қарақия-Қаракөл» зоологиялық қаумалы аумағындағы Қаракөл көліне экскурсиялық сабақ

Қатысушылар: Орта Азия Рамсар өңірлік бастамасы үйлестіруші комитеті төрағасының орынбасары, "EcoJer" қауымдастығы Маңғыстау облысы бойынша аймақтық экологиялық кеңесінің мүшелері, Ақтау қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары мен жетекшілері, қорық инспекторлары мен бөлім мамандары.

 

  1. «Оқушылар шығармашылық үйінде» өткен «Табиғат ғажайыптары» суретшілер байқауы.

Қатысушылар: мектеп оқушылары мен жетекшілері, аула клубтарының тәрбиеленушілері.

  1. Жаңаөзен қаласындағы Маңғыстау облысының жоғарғы медициналық колледжінде «Табиғатты қорғайық, сақтайық» тақырыбымен «Парктер шеруі-2022» табиғатты қорғау акциясының ашылуы.

Қатысушылар: Жастар денсаулық орталығының СӨСҚО дәрігерлері, Оқушылар шығармашылық үйінің мамандары, медициналық колледж мамандары мен студенттері.

  1. «Табиғат асыл қазына» тренингі.

Қатысушылар: Жаңаөзен қаласындағы политехникалық колледж студенттері мен жетекші ұстаздары.

  1. «1 сәуір – Халықаралық құстар күніне» "Табиғат сәні құстар" ашық сабағы

Қатысушылар: №12 Рахат бөбекжайының тәрбиеленушілері мен тәрбиешілері.

  1. Жаңаөзен қаласындағы аула клубтары арасындағы экологиялық байқау.

Қатысушылар: аула клубтарындағы үйірмелердің тәрбиеленушілері мен жетекшілері, қала тұрғындары.

  1. «Табиғат өмір көркі» интеллектуалдық ойыны.

Қатысушылар: Қызылсай ауылындағы С.Бегендікұлы атындағы         №4 ЖББМ оқушылары мен ұстаздары.

  1. «22 сәуір-Жер күніне» орай «Жер-Әлем бәрімізге ортақ!» ертеңгілік сағаты.

Қатысушылар: №12 Рахат бөбекжайының тәрбиеленушілері мен тәрбиешілері.

 

  1. «22 сәуір - Халықаралық Жер күніне» «Жер біздің ортақ үйіміз» атты ашық тәрбие сағаты.

Қатысушылар:  Жаңаөзен қаласындағы Қашаған Күржіманұлы атындағы №8 жалпы білім беретін мектептің 8 "В" сынып оқушылары мен сынып жетекшісі.

  1. «Қарақия-Қаракөл» мемлекеттік табиғи (зоологиялық) қаумалында    «22 сәуір- Халықаралық Жер күніне» орай      «Спорт сенің серігің» атты экотанымдық сайысы.

Қатысушылар: "EcoJer" қауымдастығы Маңғыстау облысы бойынша аймақтық экологиялық кеңесінің мүшелері, Ақтау қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары мен жетекшілері, қорық инспекторлары мен бөлім мамандары

  1. «Қызғалдақ гүлдің патшасы»қызғалдақтар байқауы

Қатысушылар: Жаңаөзен қаласындағы №22 ЖББМ жас мамандары, оқушылары, мұғалімдері

  1. «Табиғат тынысы тазалық» тренингі.

Қатысушылар: Жаңаөзен қалалық орталық кітапхана қызметкерлері, «Жаңаөзен политехникалық колледж» студеттері мен оқытушылары

  1. «Табиғат сұлулығы» фотоконкурс

Қатысушылар:

  1. «18 мамыр-Халықаралық мұражай күніне» орай «Ашық есік күні»

Қатысушылар:қала тұрғындары, мектеп оқушылары мен жетекшілері.

  1. Сенбілік, тазалық жұмыстары:
  • 04.2022 жылы Қаракөл көлі аумағы;

Қатысушылар: қорық қызметкерлері, инспекторлар және "МАЭК- Казатомпром" қызметкерлері

  • 04.2022 жылы «22 сәуір-Жер күніне» орай «Қарақия-Қаракөл» мемлекеттік табиғи (зоологиялық) қаумалы аумағы;

Қатысушылар: "МАЭК- Казатомпром" қызметкерлері, "EcoJer" қауымдастығы Маңғыстау облысы бойынша аймақтық экологиялық кеңесінің мүшелері, Ақтау қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары мен жетекшілері, қорық инспекторлары мен бөлім мамандары

  1. «Кендірлі» ауылдық мәдениет үйінде кездесу

Қатысушылар: мәдениет үйінің қызметкерлері мен үйірме тәрбиеленушілері.

  1. «5 маусым – Қоршаған ортаны қорғау күніне» «Әдемі әлем» тренингі.

Қатысушылар:  Жаңаөзен қаласы бойынша №9 жалпы білім беретін мектептің 10 сынып оқушылары мен сынып жетекшісі.

 

«Парктер шеруі – 2022» табиғатты қорғау акциясының шараларына қала тұрғындары, мектеп оқушылары, үкіметтік емес ұйымдар, мәдениет үйінің қызметкерлері және кітапхана қызметкерлері қатысты. Өткізілген іс-шаралар қорықтың әлеуметтік желідегі парақшаларында жарияланды: 

Facebook: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.,     Instagram: ustirt_kz